Газет төлтаңбасын жаңартсақ…

Заман талабына сай болу, зымыран уақыттың көшіне ілесу – барлық салаға қойылар басты міндет. Осы орайда тоқсан үш жылдық шежіресі бар облыстық «Атырау» газетінің мазмұны да, оның атауы мен соған сәйкес төлтаңбасы да әр кезеңге сай өзгеріп отырғаны әмбеге аян. Өйткені, ұдайы жаңару процесі – ізденіс үрдісінің ең басты шарты.

Міне, біздің алдымызда газет төлтаңбасын (басылым атауының логотипін) жаңарту міндеті тұр. Себебі, дәуір үнін паш ететін басылымның оқырманы да, олардың көзқарасы мен талғамы да үнемі өзгеріп отырады. Осыған орай «Атырау-Ақпарат» ЖШС мен «Атырау» газетінің редакциясы газет атауының ең озық төлтаңбасына конкурс жариялайды. Суретшілерді, дизайнерлерді, барша оқырман қауымды конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Конкурсқа қатысушылар А-4 қағазына газет төлтаңбасын («Атырау» атауының логотипін) өздері қалаған үлгімен бейнелеп, редакцияның электронды поштасына (e-mail: atyrau_gazeti@mail.ru) жолдауына немесе аяқтай әкеліп (Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29 «а» үй, 2-қабат) беруіне болады.
Ең үздік үлгіге қомақты байрақ беріліп, газет жылнамасына автордың есімі жазылады. Конкурсқа жолданатын туынды 2016 жылдың 21 қарашасына дейін қабылданады.
Ендеше, іске сәт!

«Атырау-Ақпарат» ЖШС әкімшілігі
және облыстық «Атырау» газетінің редакциясы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз