ЖаңалықтарҚұқық
Атырауда 6 жасар қыз бала желшешектен көз жұмды
Atr.kz/8 шілде, 2019 жыл. Атырауда 6 жасар қыз желшешек жұқтырып, қайтыс болды.
«Алты жасар қыз бала ауруханада желшешектен қайтыс болды. Ол ауруханаға түскен кезде қалыптан тыс синдром жағдайында болды», — деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Желшешек — ауа арқылы жұғатын инфекциялық ауру. Онымен негізінен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересектер сирек ауырады. Сырқаттың инкубациялық кезеңі 11 күннен 21 күнге дейін, яғни орташа 14-15 күнге созылады. Ауру басталғанда температура көтеріліп, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат