Атырауда 500-ге жуық үлескер өз ақшаларын қайтара алмай отыр
Атырауда 500ге жуық үлескер құрылыс компанияларына пәтер аламыз деп салған ақшаларын қайтара алмай жүр, — деп хабарлайды AtyrauPress.
Аймақта барлығы 493 адам компанияға 4,3млрд теңге аударған. Олардың арасында әлі де туыстың үйін жағалап жүргендер де бар.
Осы мәселе бойынша қазіргі уақытта Атырау қаласының прокуратурасы тұрғын үй–құрылыс коопертивтері құрылтайшыларының заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау жөнінде жұмыс жасауда. «Атамекен тұрғын үй», «Family town», «Baisanat Residence» және «SaraishyqInvestGroup» иелері қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылды. Қала прокуратурасының бастамасымен қалалық әкімдік және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қатысуымен жұмыс тобы құрылды.
Заңсыз құжатқа сеніп, сан соққан үлескерлер арызды қанағаттандыруды талап етеді. Осы орайда Атырау қаласының прокуратурасы аталған мәселе түпкілікті шешімін тапқанға дейін бақылауда болатынын айтты.
Хұсни ХАМЗА