Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 5 қабаттан секіргелі тұрған ер адам құтқарылды

Атыраулық полицейлер 5 қабаттан секіргелі тұрған ер адамды құтқарып қалды.

9 маусым күні сағат 17:00 шамасында 102 арнасына Авангард мөлтек ауданында орналасқан үйдің 5 қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама түскен. 

«Оқиға орнына Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қадірбек Қуатов, Али Қадыров және учаскелік полиция инспекторы Ануар Құспанов дереу оқиға орнына жетіп, көпқабатты үйдің 1-ші подъезді арқылы 4 қабатқа көтеріліп, аталған азаматтың пәтерінің терезесінен кіріп, ер адамды құтқарып қалған», — деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер құтқарылған ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, сөзбен басу айтып тыныштандырған. 1959 жылғы ер адам отбасылық жанжал әсерінен осындай іс-әрекетке барғаны анықталып,  алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button