Атырауда 387 кәсіпкер қаржылық қолдауға ие болды
Atr.kz/7 қараша, 2019 жыл. Атырау облысында барлық мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында жыл басынан бері 387 кәсіпкерлік жоба қаржылық қолдау тапты.
Жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 3,761 млрд. теңге қаржы бөлінген. Осының нәтижесінде аймағымызда 618 жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов айтты.
— 2015 жылы кәсіпкерлікті қолдауға жергілікті бюджеттен 200 млн теңге көлемінде қаражат бөлінсе, биылдың өзінде 3 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Осыған орай, жыл сайын облысымызда мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларға қатысушылардың, соның ішінде ауылдық кәсіпкерлердің саны артуда, нәтижесінде бюджетке түсетін салық көлемі артып, жұмыс орындары ашылып, жаңа нысандар іске қосылуда, — дейді Айқын Елеусізов.
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі