Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда 38 мыңнан астам ана атаулы әлеуметтік көмек алып отыр

Atr.kz/28 қазан, 2019 жыл. «Өңірде мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы 6 729 отбасы бар. Бұл отбасыларда 38 183 адам тұрып жатыр. Қазіргі таңда аталмыш мұқтаж үйелмендердің есепшотына 2 млрд 751 млн 300 мың теңге аударылған», — деп мәлім етті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметітк бағдарламалар басқармасы.

Еске сала кетейік, АӘК алатын еңбекке қабілетті жандар нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдауға ие болады. Бұл бағдарлама 2017-2021 жылдар аралығын қамтиды. Ол тұрақты және уақытша жұмысқа орналасып, еңбек нарығындағы тапшы мамандықтар бойынша қысқамерзімді курсты оқуға, бизнес-идеяңды іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға мүмкіндік береді.

«Atr-Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button