Атырауда 200 балаға жаңа жылға сыйлықтар табысталды

2b25985b ad05 417a b4d7 bf4123cbdf96 Жаңалықтар

Мұнайлы өңірде 200 бала “Каспий құбыр консорциумы” мекемесінен жаңа жылға арналған сыйлықтар алды.

Облысымыздағы әйгілі Исатай, Құрманғазы және Махамбет есімдерімен аталған үш ауданда өңірдің көптеген тұрғындары үшін игі дәстүрге айналған «Жаңа жыл мерекесі КҚК-мен бірге» атты жыл сайынғы қайырымдылық шарасы өткізілді.

9600d3e6 6961 4f2f 906a 4d37ec5e1b1b

Жаңа жылға арналған сыйлықтар жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға, сондай-ақ облыстық қосымша мектеп-интернатта тәрбиеленіп оқитын даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға табысталды.

Көпшілік қатысатын іс-шараларды өткізуге шектеу қойылуына байланысты бұл жаңа жыл мерекесі шағын ғана балалар тобы үшін ұйымдастырылды. Оған Аяз Ата мен Ақшақар, келе жатқан 2022 жылдың символы – кішкентай Жолбарыс қатысты.  

Балалардың қалауын ескеріп, сыйлыққа планшеттер, қыста, күзде және көктемде киюге арналған күртелер, түрлі маусымда киілетін пальтолар, қысқы және күзгі аяқ киімдер, жеңіл күртешелер,  спорт аяқ киімдері, төсек-орын жинақтары таратылды, бұған қоса, тәтті сыйлықтар мен құттықтау хаттары да табысталды.

Шара соңында ұстаздар ұжымы мен мерекелік бағдарламаға қатысқан ата-аналар КҚК-Қ басшылығының өкілі – бас директордың орынбасары Қайыргелді Қабылдинге ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.

«Қайыргелді Мақсұтұлына, КҚК-ның бүкіл ұжымына ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жүрек жылуына ерекше мұқтаж балаларға көп жыл бойы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін шынайы алғыс айтамыз, жаңа жыл мерекесін ұйымдастырып, балаларымызды қуаныш пен шаттыққа бөлегендеріңіз үшін көп рахмет», – деп жазылған Алғыс хатта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз