Жаңалықтар
Атырауда 32 шақырым бөгет салынды
Алдағы су тасқынына дайындық барысы туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабында айтылды.
«Бекітуге жататын жағалау аумағының жалпы ұзындығы – 100 км. Аумақ 107 секторға бөлінген, олардың әрқайсысына үйлестіруші, арнайы техника және еріктілер бекітілген. Барлық секторда жұмыс тәулік бойы жүргізілуде, оларға мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті тұрғындар, құтқарушылар мен әскери қызметкерлер қатысады», — деп хабарлады жедел штаб.
Айта кетейік, Атырау облысында жағалауды нығайту жұмыстарына 9 мыңға жуық еріктілер мен 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.