Алдағы жылы Құлсары қаласына 93,2 шақырым көшеге жарық жүргізіледі

79187b63 3902 4cfc b790 658d4aa2f415 Жаңалықтар

2023 жылы Жылыой ауданының Құлсары қаласына 93,2 шақырым көшеге жарық жүргізіледі, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған 93,2 шақырым қаладағы 122 көшені қамтиды. Оның ішінде 8 көшеге реконструкция жасалмақ. Бұл жұмыстар облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында жүргізілмек. 

– Көше жарығын жүргізу жұмыстары ауданға қарасты кент және ауылдық округтерде де жүзеге асырылмақ. Атап айтсақ, Жаңа Қаратон кентінде 5 шақырым, Қосшағыл ауылдық округінде 24, Шоқпартоғайда 12,6, Жем ауылдық округінде 12,9, Ақкиізтоғайда 15 және Майкөмген ауылдық округінде 6,5 шақырым көше жарығы жүргізіледі,- деді аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Жолдыбаев.  

Айта кетейік, жобалау және құрылыс жұмыстарымен айналысатын «Tnc intec» мекемесі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз