
Атырауда 31 көпбалалы ана «алтын» және «күміс алқа» иегері атанды
Atr.kz/3 маусым, 2019 жыл. Көпбалалы 7 әйел алтын төсбелгімен, 24 көпбалалы ана «күміс алқа» алды.

Қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша бүгінгі таңда Атырауда 1088 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 1559 әйел «күміс алқа иегері».

-Атырауда 287 батыр ана бар, 5 296 әйел 4 және одан да көп баланы тәрбиелеп отыр, — деді облыс орталығының тұрғындарын марапаттау рәсімінде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

Аймақта, Атырау облысының әкімі бастамасымен, көп балалы аналарға белсенді қолдау көрсетіліп жатқанын айта кету керек.
Осылайша, «Isker ana» жобасының екі кезеңге арналған кәсіптік оқыту курстарынан 204 әйел өтті, олардың 54-і өз ісін жүргізу үшін грант алды. Үшінші кезеңнің аясында тағы 100-ден аса ананы оқыту жоспарлануда.
Атырау облысынан 500-ден астам әйел «Isker ana» жобасына оқуға өтініш берді.
Дереккөз: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі