Атырауда 3 жерүсті жаяу өткелі салынады

20190411133258 84639 Жаңалықтар

Atr.kz/15 тамыз, 2019 жыл. ​Тамыз айының аяғында тағы үш жерүсті жаяу өткелінің құрылысы басталады.

Бұл жөнінде қалалық құрылыс бөлмінің басшысы Айбек Жалелов хабардар қылды. Қазіргі кезде жоба жасақталу үстінде.

– Жерүсті жаяу өткелдері Баймұханов көшесінде (Привокзальный ықшам ауданы), Махамбет пен Исатай алаңында және Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжінің маңында орналасады. Айта кетейін, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өткелдер көтергіш құрылымдармен қосымша жабдықталады,-деді Айбек Жалелов. ​ ​ ​ ​ ​

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз