
ЖаңалықтарЭкономика
Атырауда 2,5 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
Биылғы жарты жылдықта Атырау облысында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 2,5 трлн. теңге көлемінде өнім өндірілген, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
⠀
Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мәслихат депутаттарының алдында жасаған баяндамасында мәлімдеді.
⠀
- Өндірілген өнімдердің ішінде тау-кен өнеркәсібінде — 2 трлн. 200 млрд. теңгенің өнімі дайындалған болса, өңдеу өнеркәсібінде – 267 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Аталған көрсеткіштің республика көлеміндегі үлесі 20 пайызды құрайды, — деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
⠀
Сонымен қатар, облыс бойынша 25 млн. тонна мұнай мен 13 миллиардқа жуық текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 107 және 110 пайызды құрайды.