Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда 23 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан арнайы құрал, қызметтермен қамтылған

Атырауда 23 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар арнайы құралдармен, қызметтермен қамтылған.

Атырауда үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік мәселелерді шешу бағыты бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік комуникациялар қызметі.

Басқосуда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов қоғамдық ұйым мүшелеріне 2021 жылы атқарылған жұмыстар жайлы баяндап, биылғы жұмыс жоспарымен бөлісті.

«Облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жалпы саны 23 656 адамды құрайды, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер – 2011, екінші топтағылар — 9 480, үшінші топтағылар – 8 358, мүгедек балалар саны — 3 807» деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, облыстағы 23 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарының 55 түрі, санаторий-курорттық емдеу қызметі, жеке көмекшінің және ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтылған. «Портал арқылы 16 434 адамның өтініші қабылданып, оның 14 798-ci қажетті құралдармен, тифло-техникалық, сурдо-техникалық, гигиеналық, протез-ортопедиялық және қызметтермен қамтамасыз етілді, — дейді Азамат Мамбетов.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жыл басынан 22 инватаксимен, барлығы 305 адамға 9 914 тасымал көрсетіліпті.

Биыл Атырау қаласында «Егде жастарға арналған Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылса, Алмалы ауылында 150 орындық балаларға және ересектерге арналған оңалту орталығының құрылысы басталғанын да айта кеткен жөн.

Басқарма басшысы Портал арқылы сатып алынатын санаторий-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген сома мөлшері өсіп отырғанын да атап өтті.
Жиын барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері ойларын ортаға салып, сауалдарын жолдады. Олардың бірі санаторий-курорттық емдеу орындарына берілетін тегін жолдаманың тек мүгедектігі бар адамдарға ғана тиетіні, қасындағы жеке көмекшіге ондай жағдай қарастырылмағандығы қынжылтса, енді бірі бүгінде көбейіп кеткен қайырымдылық істердің кімге, қалай көрсетіліп жатқанынан ешкім бейхабар екеніне назар аударды және қай мұқтажға ненің керектігін анықтайтын әлеуметтік карта жасақтап оны жүйеге енгізуді ұсынды.

  • Әрине , бұл оңай нәрсе емес. Өйткені, бүгінде қайырымдылық жасаушылар өте көп. Олардың ішінде алған-бергенін жария қылуды қаламайтын азаматтар да бар. Сондықтан, мұндай мәселелерді мүмкіндігінше жан-жақты талқылап шешкен дұрыс, — дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары Альфия Төлеуғариева.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button