
Атырауда 20 мемлекеттік қызметші ант қабылдады
30 тамыз – Конституция күніне орай, Атырауда 20 мемлекеттік қызметші ант қабылдады.

Атап айтсақ, Атырау қаласы, Исатай, Индер және Құрманғазы аудандарының, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ, Сот әкімшілігі департаментінің жас мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметті адал атқаруға ант қабылдады.

Ант қабылдау рәсіміне мемлекеттік қызметшілермен қатар, салада ұзақ жылдар аянбай еңбек еткен ардагерлер де қатысып, жас қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Атап өту қажет, сынақ мерзімін сәтті өткерген мемлекеттік қызметшілер ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халыққа адал әрі кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант береді.
Есептік ақпаратқа сүйенсек, өңірдегі жергілікті атқарушы органдарда 522 жас мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Өз кезегінде, ағымдағы жылы мемлекеттік қызметке жаңадан келген 45 қызметкерге сынақ мерзімі тағайындалып, тәлімгерлер бекітілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті