Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 19 қазанға дейін 244 үй жылумен қамтамасыз етіледі

Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлердің 80% жылуға қосылған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметінше, Атырауда 1019 үй қысқы жылыту маусымына толық дайын.

— 16 қазандағы жағдай бойынша 775 үй жылытуға қосылған. 19 қазанға дейін қалған 244 үй жылумен толық қамтылады, — деді ТКШ қалалық бөлімінде.

Қазіргі уақытта ПИК және ТКШ басшыларына қалған 244 үйге жылуды қысқа мерзімде қосу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. 200-ден астам үйге жылуды қосу кешігуіне байланысты ПИК басшыларына тиісті шаралар қабылданады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button