Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атырауда 17 полиция, 4 «жедел жәрдем» көлігі мен автобус зақымдалды

Атырауда қаңтар оқиғасында зардап шеккен полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жағдайда жатыр.

«Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилим мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі уақытта бір полиция қызметкерінің жағдайы ауыр. Оған күрделі ота қажет. Ал, зардап шеккен өзге де күштік құрылым қызметкерлері  ауруханалардан шықты» деп атап өтті спикер Абзал Гилим.

Жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде Атырауда 103 тұлға зардап шекті, оның ішінде 55 полиция, 28 Ұлттық ұлан қызметкелері және де 20  азаматтық тұрғын бар.

Еске сала кетелік, жаппай тәртіпсіздіктер барысында Атырауда  полицияның 17 қызметтік автокөлігі, 4 «жедел жәрдем» және 1 автобус зақымдалды.

Жалпы келтірген залал 168 миллион теңгеден асты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button