
Жаңалықтар
Атырауда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден құлап, қайтыс болды
Қайғылы оқиға кеше Алмагүл ықшам ауданында орын алған.
«23:30 шамасында 16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктіктен құлап қайтыс болды. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.