Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 146 шетелдік көлік иесі мемлекеттік нөмір алды

Атырау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша қызмет көрсету жалғасуда.

Жұмыс аптасы басталғаннан мұнда шетелдік көлігі бар азаматтар электронды талон арқылы кезек алып құжаттарын тапсырып бастаған еді. 6 күн ішінде атыраулық 146 шетелдік көлік иелері темір тұлпарларына мемлекеттік нөмір алды. Оның ішінде — 71-і Ресейден, 71-і Армениядан келіп сары түсті белгі алған және 4-уі Армения елінен әкелінген автокөліктер.

Мамандардың айтуынша, тіркеуге өтініш берген шетелдік көлік иелерінің басым бөлігіне келісім берілген, алайда заңдастырудың соңғы кезеңдерінде сұралған құжаттарының болмауына байланысты әзірге құжаттары толық болмай мемлекеттік нөмір алу мүмкіндігі болмай тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button