
Жаңалықтар
Атырауда 14 адам хлордан уланды
13 шілдеде Атыраудағы бассейндердің бірінде хлордан уланудың ықтимал жағдайы тіркелді. Медициналық көмекке 14 адам жүгінген. Ауруханаға 3 адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған тұрғындар дәрігерлердің бақылауында.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, ауа мен судан сынама алынды. Хлор буы шекті мөлшерден аспаған, зертханалық талдау жұмыстары жалғасуда.
Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр.
Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды міндеттеді. Бұған қоса, өңірдегі бассейндер мен аквапарктерді тексеруге тапсырма берілді.
Алмас ҚАБДОЛ