Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 100 келіге жуық бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды

Атыраулық полицейлер 100 келіге жуық бекіре балықтарын заңсыз тасымалдаған күдіктіні анықтады.

«21 маусым күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау қаласы, Ғаббас Берғалиев көшесі бойында орналасқан ғимараттың алдында бекіре тұқымдас балықтарды тасымалдау кезінде 1996 жылғы қала тұрғынының басқаруындағы маркасы «Toyota Alphard» автокөлігі тоқтатылды. Тінту кезінде көліктің артқы салонынан жалпы салмағы 99,9 келіні құрайтын 4 полиэтилен пакеттегі 29 дана бекіре тұқымдас балықтары табылып, олар тәркіленіп, қылмыстық іске тіркелді», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button