
Жаңалықтар
Атырауда 10 жаңа автобус пайдалануға берілді
Бүгін «Algabus» автопаркі 10 жаңа автобуспен толықты. Салтанатты шараға қала әкімі Мейірім Қалауи арнайы қатысып, көлік кілтін табыстады.

10 және 20 маршруттарында қатынайтын «Yutong» маркалы жаңа автобус 20 орындық және тұрып тұруға 30 орынына арналған. Қалалық әкімдіктің қолдауымен сатып алынған жаңа автобустар мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Ол үшін арнайы көтергіш құралы орнатылған.

Жаңа қоғамдық көліктерде қауіпсіздік шарасы да қарастырылған. Бейнебақылаумен жабдықталған. Жазда тұрғындарға ыңғайлы болу үшін салқындатқыш қойылып, GPS қондырғысы орнатылған.
Айта кетейік, көлік Еуро-5 стандарттарына сәйкес экологиялық таза дизель отынымен жүреді.