Атырауда 1 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды

f1b4c4487ffb0c6f4fd69a464509dba3 original.181674 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер 1968 жылғы жүргізушінің төленбеген 1 млн 152 мың теңгені құрайтын 52 айыппұлы бар екендігін анықтады.

«20 маусым күні сағат патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Ақтөбе тас жолы тұсында маркасы Kia автокөлігін тоқтатып, бұл жағдайды тексеру барысында анықтайды. Аталған факті бойынша 1968 ж.т. басқаруындағы көлік құралы ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, Мақат АПБ-нің арнаулы тұраққа жеткізілді. Жүргізуші түсініктеме беру барысында бұл құқық бұзушылық әрекетін айыппұлдың Сергек камерасы арқылы түскендігін білмейтіндігі, сондай-ақ, шетелдік көліктердің ақпараты Сергек жүйесіне жазылмайды деп ойладым деп түсіндірген», – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.

Осы ретте, атыраулық полицейлер тұрғындар назарына автокөлік құжаттарының дұрыстығын тексеріп, көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттігін қадағалауды ескертеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз