Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Атырауда №3 мектеп-интернатқа қатысты түсінік берілді

Атырауда облыстық білім беру басқармасы журналистер барған №3 мектеп-интернатына қатысты мәселеге түсінік берді.

Мектеп — интернат жатақханасы
төтенше жағдай режимін бұзған адамдарды ұстаудың қосымша арнайы орны ретінде анықталған.

«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Төтенше жағдай туралы» Заңының 13-бабы 2-тармағы 3 тармақшасына сәйкес,
төтенше жағдай кезінде Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты облыстық тіл мүкістігі бар балаларға арналған арнайы №3 мектеп-интернатының жатақханасы Заңда көзделген талаптарға сәйкес келетін болғандықтан, төтенше жағдай режимін бұзған адамдарды ұстаудың қосымша арнайы орны ретінде анықталып, тұлғалар сол ғимаратта орналастырылды.

Қазіргі кезде мектеп-интернатта оқу үрдісі үзіліссіз сабақ кестесіне сәйкес жүргізіліп отыр, штаттық режимде 139 оқушы білім алуда.

Мектеп-интернатының жатақханасында оқу үрдісі жүрмейді» делінген Атырау облысы білім беру басқармасы таратқан мәліметте.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button