Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда экологиялық іс-шараларға атсалысқандар марапатталды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысып, өңір халқының экологиялық мәдениетін нығайтуға үлес қосқан азаматтар мен мекемелер құрметке бөленді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Арнаулы автобаза», «Каспийдормостострой», «Ембімұнайгаз», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «KPI Inc», «West Dala» сынды бірқатар компания мен 109 бірыңғай байланыс орталығы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жыл қорытындысына сәйкес “Таза аудан” номинациясына Құрманғазы ауданы лайық деп танылса, Қызылқоға ауданына «Таза өлке» номинациясы берілді. Сонымен қатар, ауданішілік «Таза аула», «Таза аудан», «Үздік көше», «Үздік мекеме», «Үлгілі үй» және «Үздік тазалаушы» конкурстары қорытындыланды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасын ұйымдастыру барысында қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды қоқыстардан тазарту және көгалдандыру шараларына белсене қатысқан белсенділер мен зейнеткерлер де назардан тыс қалмай, ұлықталды.
Айта кетейік, биыл аталған бағдарлама аясында өңірде 30 сенбілік өткен. Оған қатысқан 86 мыңнан астам азамат 1776 тонна қоқыс жинады. Жұмылдырылған техника саны — 1522.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button