![Атырауда эвакуацияланған тұрғындар толықтай үйлеріне оралды 1 1c668670 4320 4664 b1ce b821627ffe07](https://atr.kz/wp-content/uploads/2024/06/1c668670-4320-4664-b1ce-b821627ffe07.jpeg)
Жаңалықтар
Атырауда эвакуацияланған тұрғындар толықтай үйлеріне оралды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жатақханасы мен APEC жоғары колледжінің базасындағы эвакуациялық пункттерінде орналасқан тұрғындар 7 маусым күні толықтай өз үйлеріне оралды. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.
Атырау қаласы бойынша барлығы 94 эвакуациялық пунктте тұрғындарға 10 250 орын дайындалды.
– Өткен жұмада екі эвакуациялық пунктке орналастырылған Талдыкөл ауылының 180 тұрғыны үйлеріне оралды. Қазір Атырау қаласында эвакуацияланған адамдар қалмады, деп нақтылады аталған жедел штаб.