Атырауда ПТР-зерттеу саны 900 мыңнан асты

pcr COVID-19: Соңғы поштадан...

Сәуір айындағы орташа тәуліктік зерттеу 4 272 тестті құрайды, деп хабарлайды atr.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ермек Шмалиевтің мәлімдеуінше, індет басталғалы бері облыста 906 294 ПТР-зерттеу жүргізілді, оның ішінде биылғы жылы – 395 мың тест қолданылған.

  • Бұл – республикада жан басына шаққанда жүргізілген зерттеулер бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Айта кетейік, облыста тәулігіне 8300 зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 15 ПТР зертханасы жұмыс істеуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз