Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Атырау әуежайында әйелге оқ атқан полиция қызметкері жұмыстан кетті (+ВИДЕО)

https://youtu.be/sKDJZolpuiQ

Atr.kz/31 наурыз, 2019 жыл.  халықаралық әуежайында әйелдің аяғына абайсызда оқ атып алған полиция сержанты Мәмбетияров атағынан айырылып, жұмыстан қуылды.

Оның тікелей басшысы да лауазымынан босатылды, тағы бірнеше лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен брифинг кезінде көлік полициясы департаментінің бастығы Аманжол Қабылов айтып берді.

«Атыраудың желілік полиция бөлімінің басшылығына жәбірленуші Наталья Дажукқа қажетті көмек көрсету тапсырылды», — деді А.Қабылов.

Оның айтуынша, қазір Н. Дажуктың жағдайы жақсы, бүгін ол ауруханадан шығарылуы тиіс. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

«Көлік полициясы департаментінің басшылығы болған оқиғаға өкініш білдіреді әрі Н. Дажук ханымға қажетті көмек көрсетілуін өз міндетіне алады», — дейді Аманжол Қабылов.

Еске сала кетейік, 29 наурыз күні Атырау қаласындағы халықаралық әуежайда полиция қызметкері әйелді байқаусызда аяғынан атып алған болатын.

Дереккөз: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button