Балаларымыздың болашағы үшін

screenshot 1 10 Жаңалықтар

№36 сайлау учаскесі Атырау қалалық білім бөлімінің Д.Байбосынов атындағы №13 мектеп-гимназиясының ғимаратында орналасқан. Науқанның тиісті деңгейде өтуі, сайлаушылар қолайлылығы үшін қажеттіліктер толық қамтамасыз етілген.

Ең алғашқы сайлаушы сағат 6:45-те келді. Учаске дәл уақытында ашылып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалған соң, жұмысын бастады.

Залдың ортасында дауыс беру жәшігі бар, оның жанында тасымалданатын түрі орналасқан. Байқаушылар мен комиссия мүшелеріне барлық жағдай жасалған.

№36 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Досжан Болатбекұлының айтуынша, учаскеде 2468 сайлаушы тіркелген.

«Үш адам үйден дауыс береді. Сонымен қатар, басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге ниет білдірген сайлаушыларға 9 сайлау бюллетені берілді» – деп хабарлады Досжан Болатбекұлы.

Алғашқы минуттарда бірнеше адам дауыс берді. Олардың қатарында қала тұрғыны Ағила Балғымбаева да бар. «Көтеріңкі көңіл-күймен келдім, балаларымның болашағы үшін өз таңдауымды жасадым» дейді қала тұрғыны жымиған кейіппен.

Сайлау барысын түрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бақылап отыр.

– Ешқандай заңбұзушылық жоқ, дауыс беру қалыпты өтуде, – дейді байқаушылардың бірі Әлібек Сейітов.

Светлана НОВАК

Фотоны түсірген автор

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз