Жарнама
Жаңалықтар

Атырау және Орынбор облыстары көктемгі су тасқынына дайындық мәселелеріндегі әріптестікті күшейтпек

Бүгін Орынборда Атырау және Орынбор облысы өкілдерінің көктемгі су тасқынына дайындық кезінде бірлесе жұмыс жасау, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті дамытуға бағытталған кездесу өтті. Жиналысқа Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев және вице-губернатор — Орынбор облысы Үкімет төрағасының экономикалық және инвестициялық даму саясаты жөніндегі орынбасары — экономикалық даму, инвестиция, туризм және сыртқы байланыстар министрі Игнат Петухов қатысты. 

img 1116

Сапар барысында көктемгі су тасқынына дайындық мәселелерін қамтыған жиналыс өтіп, оған Орынбор облысының 2025 жылғы көктемгі тасқынды өткізу бойынша ведомствоаралық комиссия төрағасының бірінші орынбасары, табиғи ресурстар, экология және мүліктік қатынастар министрінің міндетін атқарушы Андрей Вязиков және қос тараптың жергілікті атқарушы билігі, гидрометеорологиялық және су шаруашылығы ұйымдарының, шекара және шұғыл қызмет өкілдері қатысты. 

img 1111

Жасұлан Бисембиев талқылау барысында трансшекаралық серіктестіктің маңызын баса айтып, тұрақты түрде ақылдасып отыру мен уақытында гидрологиялық және метеорологиялық деректермен алмасудың әлеуетті мәселелерді тиімді шешуге және тұрғындарға төнетін қауіп деңгейін мейлінше азайтуға мүмкіндік беретінін айтты. 

Орынбор облыстық ведомствоаралық комиссияның бірінші орынбасары Андрей Вязиков аймақта тасқынның алдын алу бағытында жасалып жатқан шаралар жөнінде айтып, гидротехникалық нысандар мен жедел қызмет түрлерінің тасқын жағдайында жұмыс жасауға толыққанды дайын екенін айтты. 

Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов өңірдегі кешенді шаралар жайында сөз қозғап, Жайық өзеніндегі су деңгейіне жүргізілетін мониторинг, құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайда шұғыл әрекет етуге дайындығы турасында айтты. 

img 1113

Орынбор гидрометерология орталығының басшысы Василий Мещерин алдын ала мәліметтер бойынша облыстағы қардың қазіргі қоры көп жылғы орташа мән деңгейінен төмен екенін, дегенмен өзендерде сең жүруі көп жылғы орташа мәннен 6-12 күнге ертерек басталады деп болжанып отырғанын айтты. 

Жиында Иректі су қоймасының жұмыс кестесіне баса назар аударылды. Орынбор облысы бойынша Төменгі Еділ бассейні су басқармасының су ресурстары бөлімінің бастығы Сергей Ридельдің айтуынша, бүгінде суды апатсыз өткізуге дайындық жүріп жатыр. 10 наурыздан бастап жіберілетін су деңгейі секундына 201 текше метр болып белгіленген, 27 наурызға дейін су қоймасында 1,2 млрд текше метр босайды. Су тасуы кезінде 0,9-дан 1,5 млрд текше метрге дейін су келеді деп болжануда, бұл өр суының қауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді және максималды деңгейде су жіберудің қажеттілігі туындамайды. 

img 1110

Кездесу соңында Орынбор және Атырау облысының өкілдері гидрометерологиялық ахуал, трансшекаралық су нысандарындағы су деңгейі жайындағы ақпаратпен жедел алмасу және 2025 жылғы көктемгі су тасқынын апатсыз өткізу турасында ақылдасуды әрі қарай жалғастыруға ниетті екендігін айтты. 

img 1115

Сапар барысында сауда-экономикалық байланысты кеңейтудің, инвестициялық ұсыныстар алмасу, көлік-логистикалық маршрутты одан әрі дамытудың перспективалары да талқыланды. Тараптар экономикалық әріптестіктің мүмкіндіктері мен біріккен жобаларды іске асыру жолдарын жан-жақты зерделеу үшін бизнес-миссиялар ұйымдастыруға уағдаласты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button