Жарнама
Жаңалықтар

Атырау және Астрахань кәсіпкерлері арасында сенім телефоны іске қосу жоспарлануда

31 наурыз күні өңірімізге Астрахань облысынан жұмыс сапарымен бір топ мамандар келді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Астрахань облысының өнеркәсіп, сауда және энергетика министрінің орынбасары Татьяна Порублева, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қорының бас директоры Ирина Азарова, Астрахань сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Станислав Синченко, Сыртқы істер министрлігінің Астрахан облысы бойынша ақпараттық-талдау қызметі басқармасының жетекші сарапшысы Сергей Попов өңірдегі «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасына барып, жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты.

— Бізде алдағы уақытта екі облыс арасында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жәрмеңкелер өткізу, ортақ кәсіп ашу жоспарымызда бар. Сонымен қатар, Астрахань облысында қазақстандық кәсіпкерлерді ақпараттандыру, ал Атырау облысында «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасы арқылв Астрахань, Ресей кәсіпкерлеріне арналған сенім телефонын іске қосуды міндетті түрде жоспарлаймыз, деді Астрахань сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Станислав Синченко.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button