Атырау жаңбырдың астында қалды
Атырау қаласында қатты жауыннан автокөлік жолдарын су басты.
Жер асты суының деңгейі де 30 сантиметрге дейін көтерілген. Кешеден бері облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Арнаулы автобаза» мекемесі су сору жұмыстарымен айналысуда.
10 наурызда сағат 17:05-тен бастап Атырау қаласы Панфилов көшесінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдар жеке тұрғын үй айналасынан жер асты суларын (су деңгейі 25-30 см) сору жұмыстарын жүргізді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаменті (4 қызметкер және 1 бірлік мотопомпа), «Спецавтобаза» ЖШС (2 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды.
19:25-те авариялық-құтқару жұмыстары аяқталып, барлығы 1,5 текше метр су сорылды.
«Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы»