
Жаңалықтар
Атырау жаңа тікұшақтармен қамтылуда
Атырау облысының төтенше жағдайлар қызметінің материалдық базасы жаңа тікұшақпен қамтылды. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бастамасымен республикалық бюджет қаражатынан МИ-8 АМТ UP-876 тікұшағының төртеуі алынды.

Аталған департаменттің қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, бүгінде төтенше жағдай кезінде адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарын, аэровизуалды барлау жұмыстарын сапалы жүргізу үшін, облыстың материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында МИ-8 АМТ UP-876 тікұшағының біреуі Атырау қаласына келіп қонды.


Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА