Атырау тұрғыны әлеуметтік желідегі балағат жазбасы үшін соттан бір-ақ шықты

5dc122ca34913921175356 Жаңалықтар

Атырау тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында әйел адамды балағаттап, оның ар-намысын ел алдында қорлаған жазба жариялады.

Сондай-ақ ол жазба кейіпкері туралы жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды “Мой город” порталы.

Жала жабылған әйел сотқа шағым түсіріп, жазба авторына Қылмыстық кодекстің 131-бабы «Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған қорлау» бойынша айып тағылды.

Істі Қызылқоға аудандық соты қарады. Бірақ сот отырысы басталмай жатып-ақ тараптар медиация тәртібімен татуласу туралы келісімге қол жеткізгені туралы хабарлама келді.

Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, шағымынан бас тартты. 

Қылмыстық іс жабылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз