
Жаңалықтар
Атырау тұрғыны әлеуметтік желідегі балағат жазбасы үшін соттан бір-ақ шықты
Атырау тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында әйел адамды балағаттап, оның ар-намысын ел алдында қорлаған жазба жариялады.
Сондай-ақ ол жазба кейіпкері туралы жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды “Мой город” порталы.
Жала жабылған әйел сотқа шағым түсіріп, жазба авторына Қылмыстық кодекстің 131-бабы «Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған қорлау» бойынша айып тағылды.
Істі Қызылқоға аудандық соты қарады. Бірақ сот отырысы басталмай жатып-ақ тараптар медиация тәртібімен татуласу туралы келісімге қол жеткізгені туралы хабарлама келді.
Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, шағымынан бас тартты.
Қылмыстық іс жабылды.