Атырау тұрғындарына сауалнама жарияланды
Атырау қаласының әкімдігі шаһардағы әлеуметтік инфрақұрылым мен мәдени демалыс ғимараттарының дамуы туралы тұрғындарға сауалнама жариялады.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, жаңа аумақтардың құрылысымен және қала орталығындағы реконструкциямен қатар, тұрғындардың санының өсуіне байланысты жаңа балабақшалар, мектептер, емханалар, саябақтар және қоғамдық кеңістіктер қажет. Осыған орай қаланың Бас жоспарының өзектендірілуі барысында тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын жинау мақсатында сауалнама өткізілуде.
«Құрметті қала тұрғындары!
Біздің қала белсенді дамып келеді, жаңа аумақтар салынуда, сондай-ақ Атыраудың орталық бөлігіндегі кварталдарда реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымның жаңа объектілерін, балабақшаларды, мектептерді, емханаларды, абаттандырылған саябақтарды, бульварларды, қоғамдық кеңістіктер мен басқа да маңызды элементтерді қамтитын жаңа мәдениет және демалыс ғимараттарын орналастыруды көздей отырып, күн сайын саны өсіп жатқан қала тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Қазіргі уақытта біздің облыс орталығының қолданыстағы Бас жоспарын өзектендіру бойынша жұмыстар басталды, онда қалалық ортаны одан әрі дамытудың әртүрлі аспектілері ескерілетін болады.
Бәріміз бірлесе көркем қаламызды дамытып, оны одан әрі жақсарта бермекпіз, жаңа Бас жоспарда қабылданған шешімдердің нәтижесінде болашақ ұрпақтарымыз тұрақты дамитын үлкен де жайлы қалада өмір сүретін болады.
Қаламыздың бас жоспарындағы шешімдерге қатысты мәселелерді қамтитын сауалнамаға белсенді түрде қатысуыңызды сұраймыз!
Сіздердің пікір-ұсыныстарыңыз барлығына қолайлы және жайлы жағдай жасау үшін тұрғындардың қажеттіліктері мен тілектерін жақсырақ түсінуге көмектесетін болады. Сіздің ат салысуыңыз қаламыздың болашағы үшін маңызды!» — делінген Атырау қаласы әкімдігінің хабарламасында.
Сауалнаманы төмендегі сілтеме арқылы толтыра аласыз!
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ