Жарнама
Жаңалықтар

Атырау тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 10 резервуар сатып алынды

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қаланың Еркінқала, Өркен, Ақжар, Ақсай, Кеңөзек, Тасқала және тағы басқа елді мекендерде су құбырының бойындағы ауыз су қысымының деңгейі төмен болуына байланысты бұл мәселе өткір болған. Алайда осы жылы қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 10 резервуар алынып отыр.

-Қаладағы ауыз су мәселесін шешу мақсатында осы жылы аталған елді мекендерге орнатуға көлемі 100 метр кубты құрайтын 10  резервуар сатып алынды. Бүгінде Дамба ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекеніне орналасқан су көтергіш сорғы стансасына 4 резевуар, ал 6 разервуар Қайыршақты ауылдық округінде, Талғайран ауылында және Мирный, Жұмыскер елді мекеніне орналасқан су сорғы стансасына орнатылды,- деді М.Қалауи.

Сондай-ақ осы жылы Атырау аумағын жазғы суару құбырымен қамтамасыз ету үшін 7 су айдау стансасы іске қосылған. Олардың жалпы ұзындығы 119 шақырымды құрайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button