Коллекторлық агенттік: қызметі қандай?

Коллекторлы агентт¦к Жаңалықтар

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде Коллекторлық қызмет туралы заң қабылданған болатын. Аталған заң  маусым айында күшіне енді. Борышкер мен коллектор арасындағы қарым-қатынас тәртібін реттейтін заңнама Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында толығырақ түсіндірілді. ҚР Ұлттық банкі Атырау облыстық филиалының директоры Айнұр Көшербаеваның айтуынша, күні бүгінде аймақта 38 коллекторлық компания қаржы ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқаруда.

Коллекторлы__ агентт¦к

Сан мәрте сынға алынып, ескертілсе де, тұрғындар тұтынушылық мақсатта несие алуын әлі тоқтатар емес. Қарызға алынған ақшаның түптің түбінде бірнеше еселеп қайтарылатынын білгенмен, сол қадамға баратындар саны азаймай отыр. Ақыр аяғында берешекті өтей алмағандарға жаза қолданылады. Борышын төлей алмай баспанасыз қалған жандар қаншама? Тізбектей берсек, мұндай деректер көп-ақ.

ҚР Ұлттық банкі Атырау облыстық филиалының директоры Айнұр Көшербаеваның мәліметінше, өңірде тұтынушылық мақсатта алынған қарыз көлемі – 116 825 млн. теңге. Бұл жұртшылыққа берілген жалпы несие сомасының 37,3 пайызын құрайды.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселені шешу бағытында коллекторлық қызмет қолданысқа енгізіліп, арнайы заңнама қабылданған еді. Оның қызметі берешектерді сотқа жеткізбей өндіріп алу, ретке келтіру және шағын несиелер жөнінде мәлімет алуға бағытталған.

Айнұр Мейірбекқызының айтуынша, Атырау облысында ресми тіркелген коллекторлық компаниялар саны – 7. Оның ішінде, бір заңды тұлға, екі филиал, төрт өкілдік бар. Бүгінгі таңда 38 коллекторлық компания банктермен бірлесіп жұмыс жасауда. Коллекторлық агенттіктерге қаражат қаржы ұйымы тарапынан төленеді. Олардың қызметі ҚР Ұлттық банкі бақылауында болады.

– Коллекторлық компания қызметкерлеріне борышкерлердің құқықтары мен еркіндіктеріне қол сұғатын және олардың өміріне, денсаулығына,  мүлкіне қауіп төндіретін заңсыз іс-қимылдар жасауға тыйым салынады. Іс-қимылды тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін, банктік құпия мәліметтерін, құжаттарды ұрлап, параға сатып алу, қорқыту арқылы алғаны және жариялағаны үшін 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, – дейді А.Көшербаева.

Айбөпе САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз