
Жаңалықтар
Атырауда төтенше жағдай: халық дүрбелеңге түспеуі керек
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірде төтенше жағдай режимін жариялау туралы Атырау облысының тұрғындарына үндеу жариялады.
- Төтенше жағдай режимі Атырау облысында мемлекеттік органдар мен түрлі ведомстволар арасында іс-қимылдарды үйлестіру әрі алдағы су тасқынына дайындық жұмыстарын күшейту үшін жарияланды. Сондықтан, халықтың дүрбелеңге түсуіне себеп жоқ. Барлық ахуал менің жеке бақылауымда, — деді Серік Шәпкенов.