Жарнама
Жаңалықтар

Атырау теміржол вокзалының реконструкциясы басталады

Жуырда Атырау қаласындағы теміржол вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкеновтің нысандарды аралауы барысында мәлім болды, — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкім вокзалдағы жағдаймен танысып, реконструкция жобасын қарады. Қазір мердігер мекемемен келісімшарт жасалып, арнайы құрылыс техникалары жеткізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Атырау облысындағы тағы сегіз теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысандардың көпшілігі 1960–1970 жылдары салынған, ал соңғы күрделі жөндеу 2004 жылы жасалған. Атырау вокзалы болса 2015 жылы жөнделген еді.

Жаңғырту жобалары аймақтағы тозығы жеткен инфрақұрылымды қайта қалпына келтіріп, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button