Атырау су айдындарында балық қырылып жатқан жоқ

20190304134334 Жаңалықтар

Atr.kz/4 наурыз, 2019. Атырау облысының аумағының су айдындарында балық қырылып жатқан жоқ.

20190304134334

Бұл жайында еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты. Айта кетерлігі, Фейсбукте Арман Хайруллин есімді желі қолданушысы Атыраудың «Бугорки» саяжай алабы тұсында өзен мұзының астынан өлі балықтар шығып жатқанын түсіріп, видео жариялаған болатын.

«Бүгін 3 наурыз. Бугорки. Мұз астындағы барлық балық өлі. Желтоқсан айында балық сатуға тыйым салу керектігін айтып едім. Мені тағы да әпенді деп қабылдап отыр. Мұны қалай бақылауға болады? Мың тоннаға жетті», – деп жазды ол.

Осыған орай ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтен пікір білген еді. «Егер бұл Атырауда түсірілген видео болса, онда былтыр желтоқсанда қырылған балықтардың өлекселері немесе балықтардың табиғи өлуі. Мұз ерігенде әр су айдынынан қыста өлген балықтардың өлекселері шығып жатады. Ол уақытында ауа жібермегеннен болады. Қазіргі таңда Атырауда балық қырылып жатқан жоқ. Мамандар барлық су айдындарды бақылауда ұстауда», – деп жауап берді ол.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз