Жарнама
Жаңалықтар

Атырау стадионында футбол жанкүйерлері төбелесіп қалды 

Атырауда ел біріншілігінің ХІV туры аясында «Атырау» мен «Ақтөбе» футбол командалары кездесті. Ойын басталғанға дейін стадионға жиналған футбол жанкүйерлері төбелесіп қалды. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жанкүйерлер арасында қақтығыстың болғанын растады. «Бүгін, 19 маусым күні сағат 17:55 шамасында «Атырау-Ақтөбе» футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс орын алған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқық бұзушылыққа жол берген 30 адамды ұстады. Олар Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді», -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері тиісті құжаттарды жинақтап жатыр. 

«Әлеуметтік желіде тараған қару қолданылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратқа сенбеу, ресми органның мәліметіне жүгіну қажеттігін қаперге саламыз. Қақтығыс кезінде жанкүйерлердің қолында түрлі-түсті түтін шығаратын дыбысы бар зат болған», -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Жанкүйерлер арасындағы жанжал кезінде ешкім жарақат алмаған. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда топырақ үйіндісінің астында қалған екі адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button