Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырау «қызыл аймақта»: өткен тәулікте 101 адам коронавирус жұқтырды

Атырау облысында өткен тәулікте 101  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 78 жұмысшыдан, Жылыой-2,  Құрманғазы ауданында 12  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шыққан.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 321  адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  95  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 39,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 811 адам ем қабылдауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button