ЖаңалықтарҚұқық
Атырау қаласының тұрғыны 24,6 млн теңге жымқырған
Бюджет қаражатын жымқырудың тағы бір дерегі Атырау облысында анықталды.
«ҚазАқпараттың» хабарлауынша, Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен Атырау қаласының тұрғынын ұстады.
Айыпталушы Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелген серіктестікте басқару функциясын жүзеге асыра отырып, алаяқтық жолмен 24,6 млн теңге сомасында бюджеттік ақша қаражатын жымқырған. Бұл қаражат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырау қаласының аумағында көппәтерлі тұрғын үй құрылысына бөлінген. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.