Жарнама
Жаңалықтар

«Атырау қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Атырау қаласының мәслихат сессиясында өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар — Мәрия Әмірова, Дариға Шаханаева, Марат Қонысов, Айтқали Нұрғалиев, Сулико Козонов және Кәрім Сисеновке «Атырау қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды.

Мәрия Әмірова 1949 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. Мария Хисимовна — бірнеше жыл облыстық сауда басқармасы бастығы қызметін атқарған. Жоғары білім алған соң қарапайым тауартанушыдан, экономисттен, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары және облыс басшысының орынбасарлығына дейін көтерілген. Қазіргі таңда «Атырау-Автоәлемі» ЖШС-нің директоры қызметінде жемісті еңбек етіп, еліміздің өркендеп, дамуы жолындағы еңбегін одан әрі жалғастыруда. Мәрия Әмірова 1984 жылы «Совет сауда үздігі», 2020 жылы «Құрмет белгісі», 2021 жылы «Атырау қаласының құрметті ардагері» төсбелгілерімен марапатталған.

Дарига Шаханаева саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу ісіне арнаған ұлағатты ұстаз. 1970 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолын Жамбыл облысы Луговой ауданы Алғабас ауылындағы мектептен бастап 1972-1987 жылдар аралығында Атырау қаласындағы мектептерде физика пәні мұғалімі, 1987-1994 жылдары Атырау қалалық білім бөлімінде әдіскер, әдістемелік кабинет меңгерушісі, 1994-1998 жылдары Атырау қаласындағы №48 бала-бақша меңгерушісі, 1998-2012 жылдары қалалық білім бөлімінде бас маман, бөлім бастығы қызметтерін абыроймен атқарған. Білікті ұстаз №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейінде оқу ісінің меңгерушісі лауазымында көп жылдар еңбек етті. Оның көп жылғы ұстаздық еңбегі ескерусіз қалмай, бірнеше рет қала әкімінің Алғыс хатымен мадақталды. Сондай-ақ білім саласына қосқан өлшеусіз еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен» және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды.

Марат Қонысов Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін 1985 жылы бітірген. 1985-1986 жылдары Атырау облыстық ауруханасы базасында хирургия саласы бойынша бір жылдық интернатура өтті. 1986-1988 жылдары Балықшы аудандық орталық ауруханасының дәрігер-хирургы болып еңбек етті. 1988-1992 жылдар аралығында №2 қалалық аурухананың шұғыл хирургия бөлімшесінде дәрігер-хирург қызметін атқарды. 1992-1995 ж. Мәскеу қаласындағы Ресей ғылым академиясының хирургия ғылыми орталығында ординатура оқыды. 1995-1999ж. Атырау облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесінде дәрігер-хирург ретінде еңбек етті. 1999-2002 ж.ж. Ресейде «Сердечнососудистая хирургия» саласы бойынша клиникалық докторантурада оқыды. 2002-2004ж.желтоқсан айы аралығында Мәскеу қаласындағы № 79 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімшесінде дәрігер-хирург болып еңбек етті. 2005ж-2007ж. қараша айына дейін Атырау облыстық ауруханасының жоспарлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып еңбек етті. 2007жылғы қараша айынан бастап Атырау қалалық ауруханасының бас дәрігері.

Марат Қонысов қажырлы еңбегінің арқасында «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталып, «Үздік адамдар» Үлкен медициналық энциклопедия кітабына үздік дәрігер ретінде енгізілді. 2011 жылғы қорытынды бойынша «Алтын дәрігер» атағына ие болды.

Айтқали Нұрғалиев 1946 жылғы 27 тамызда Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1967-1979 ж.ж. – Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» (қазіргі «Атырау») газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі. 1979-1987 ж.ж. – Қазақстан Компартиясы Гурьев обкомы насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, 1987-1995 ж.ж. – халық депутаттары Гурьев облыстық Кеңесі атқару комитетінің жанындағы телерадиохабарларын тарату комитетінің төрағасы, 1989-1992 ж.ж. – қоғамдық негіздегі облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы қызметтерін атқарған. Осы жылдары облыстық теледидардың ашылуына бастамашы болып, барлық ұйымдастыру және шаруашылық мәселелеріне тікелей басшылық жасады. Журналистік шығармашылық ізденістері «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамоталары, «Мәдениет қайраткері», «Ақпарат саласының үздігі», «Қазақстанның Құрметті журналисі», «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның «Алтын жаршы» белгілерімен марапатталған. Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы.

Сулико Козонов 1937 жылдың 22 желтоқсанында Грузия елі, Карель районы, Гвердзинети ауылында дүниеге келген. 1955-1957 жылдар аралығында Рустави қаласындағы Закавказье металлургия училищесінде білім алған. 1965 жылы Тбилиси мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институты жанындағы жаттықтырушылар мектебін тәмамдаған. 1969 жылы №11 Атырау қалалық кәсіптік-техникалық училищенің дене тәрбиесі мамандығымен қоса еркін күрестен жаттықтырушы болып қызмет атқарған. 1972 жылы облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен аға жаттықтырушысы, 1977 жылдан 1986 жылға дейін облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры лауазымында қызмет атқарған.

Кәрім Сисенов 1929 жылы 20 қыркүйекте Махамбет ауылының Бақсай ауданында дүниеге келген. 12 жасында «Красный Октябрь» артеліне жұмыс жасаған. 1949 жылы тас қалаушы мамандығын тәмәмдап, 1970 жыл газ дәнекерлеуші мамандығына бітірген. 1944 – 1949 жылдарда «Красный Октябрь» артелінде киіз басушы болып жасады. 1954 жылы бригадир болып тағайындалды. 21 жыл тас қалаушы болды, бригаданы басқарды. 1985 жылы зейнеткерлікке шықты, бірақ жұмысын жалғастырған. 1992 жылы Республикалық деңгейдегі жеке зейнеткер атағы берілді. 1995 жылы 21 наурызда «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысының жеңісіне 50 жыл» мерей той медалімен марапатталды. 1998 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің № 3827 санды Жарлығымен «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төсбелгісімен марапатталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button