Атырау қаласының маңында 102 шақырымнан аса жолға асфальт төселеді
Atr.kz/8 қыркүйек, 2019 жыл. Жұмысшылар қала маңындағы 97 көшеге, яғни, 102 км жолға асфальт төсейді, — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыс орталығының негізгі көшелерінде ғана емес, қала маңындағы селолық округтерде де құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, Ақсай-2, Тасқала-3, Дамба-2, Еркінқала-2 ауылдық округтерінде жуық арада жаңа асфальт пен тротуарлар пайда болады. Өзге аудандардағы секілді , мұнда да мердігерлер жол төсемін тегістеп, жиектерін жөндеп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасайды.
— Қазіргі уақытта қала маңындағы 20 көшеге — 14 шақырымнан астам жол төселді. Жұмыс әлі де жалғасуда, мердігерлер алдын-ала жоспарланған учаскелерге жаяу жүргіншілер жолдары мен тратуарларға асфальт төсейді, — дейді қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Алмас Сарсенов.