Атырау қаласының әкімі «Жастар» жаңа ықшамауданындағы құрылыс жұмыстарын қадағалады (+ФОТО)
Atr.kz/6 қараша, 2019 жыл. Талқайраң ауылында 24 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде.
Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы жаңадан салынып жатырған ықшам ауданның құрылыс жұмыстарымен танысты. Қалалық құрылыс бөлімінің мәліметінше, жалпы ауданы 62 гектар болатын жерге 45 пәтерлік 24 бес қатарлы тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Барлығы 1080 пәтерлік тұрғын үйдің жалпы ауданы 56 мың шаршы метр болмақ.
— Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Келесі жылы да жұмыстар жалғасатын болады. Тапсырыс беруші- «Қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Жоспар бойынша, «Жастар» ықшам ауданында әлеуметтік нысандар: емхана, балабақшалар, мектеп пен спорт залдары салынатын болады. Сондай-ақ, саябақтар мен балалар ойнайтын алаңдар салынады ,- дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айбек Жәлелов.
Атырау қаласының әкімі тапсырыс беруші мен мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытылы тапсыруын айтты.Сонымен қатар, жаңадан салынып жатырған «Жастар» ықшам ауданында 5076 пәтерлік тоғыз қабатты 46 тұрғын үй салу үшін ЖСҚ жасақталуда. Жаңа ауданда тұрғын үйдің пайдалануға берілуі Атырау қаласындағы 20 мың кезекте тұрған тұрғандардың санын едәуір қысқартады деп жоспарлануда.
Пәтерлер мемлекеттік бағдарламалар бойынша, ипотекалық несие негізінде, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үй түрінде берілетін болады. «Жастар» ықшам ауданының атауы ҚР жастар жылына орай арнайы таңдалған.
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі