![Атырау қаласының әкімі тағайындалды 1 kejkin foto](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/07/kejkin-foto.webp)
Атырау қаласының әкімі тағайындалды
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Атырау қаласының әкімі лауазымына Шәкір Кейкінұлы Кейкін тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
![Атырау қаласының әкімі тағайындалды 2 gorakim naznachenie](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/07/gorakim-naznachenie.webp)
Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында «Теңізмұнайкомплект» ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастап, 1999 жылға дейін әр түрлі қызмет атқарды.
06.1999 — 01.2001 жылдар аралығында «РАМАКО» ЖШС-інде директордың коммерция жөніндегі орынбасары;
01.2001 — 02.2008 жылдар аралығында «Казстройсервис ЛТД» ЖШС-да директор;
02.2008 — 10.2008 жылдар аралығында Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі;
10.2008 — 07.2009 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары;
07.2009 — 10.2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі;
10.2018 — 02.2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;
02.2019 — 09.2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары;
09.2019 — 03.2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі;
03.2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы қызметінде болды.
Облыс әкімі Шәкір Кейкіннің тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы саласында және мемлекеттік басқару қызметінде үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар Атырау қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.