Жаңалықтар

Атырау қаласының әкімі «Атырау» газеті ұжымын Алғыс хатпен марапаттады

Қала күнін тойлауға арналған мерекелік іс-шара барысында облыстық “Атырау” қоғамдық-саяси газетінің ұжымына Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Алғыс хат табыс етті.

Ұлттық құндылықты насихаттау, ұжымдық және отбасылық дәстүрді қалыптастыру, ұлттық рухты, мәдениетті көтеру, елге, жерге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылған “Салт-дәстүр — асыл қазынам” байқауында белсене қатысқаны үшін облыстық “Атырау” қоғамдық-саяси газетінің ұжымы Алғыс хатқа ие болды. Бұл байқау наурыз айында бастау алған болатын. Алайда, өңірде төтенше жағдай жариялануына байланысты марапаттау кезеңі кейінге шегерілген еді.

-Енді міне, соның сәті қаламыздың туған күнінде туып отыр. Мерекеге арналған іс-шаралар легі күн бойы жалғасады. Соған барлығыңызды белсене қатысуға шақырамын, -деді Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button