Атырау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттері жөнделуде

nrs9034 Жаңалықтар

Алмагүл шағын аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақтияр Хамидоллаев 100 аула жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде екенін айтты.

-Биыл аталған аумақтағы 16 үйді сырлау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жұмыстар шілде айында басталды. Оған 3 мердігер мекеме, яғни «Ер-Нұр строй и К» ЖШС, «Сенім» 2016 ЖШС, «РимСтройСервис» ЖШС жұмылдырылды. Сонымен қатар, И.Тайманов көшесі 58 және Б.Құлманов көшесі 107 мекенжайындағы тұрғын үйлерінің қасбеттері жөнделуде. Бұл жұмыстар қазан айына дейін жалғасады деп күтілуде, – деді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз