БАЙҚАУШЫ БОЛУҒА ӘРКІМНІҢ ЕРКІ БАР

ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясының Атырау облыстық филиалы өз жұмысын бастады. Қоғамдық комиссияның мақсаты – сайлау науқанының әділетті және ашық өтуіне, заңнамалардың сақталуына ықпал ету. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметі базасында өткен брифингте аталған комиссия жетекшісі Шынаргүл Кайырова мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен бейсенбіден бастап, комиссия ерікті түрде байқаушылар тобын жасақтауда. «Облыс бойынша 234 сайлау учаскесі құрылды. Қоғамдық комиссия тарапынан әр учаскеде байқаушы жұмыс істейтін болады. 18-ге толған жастардан бастап, жұмысшы, қоғамдық ұйым өкілдері немесе кез келген азамат байқаушы бола алады» деп атап өтті брифинг мейманы Шынаргүл Кайырова. Белгілі болғанындай, ерікті байқаушылар тобы бір аптаның ішінде жасақталып, кейін олар арнайы тренингтер, семинарлар, әдістемелік құралдар көмегімен білімін жетілдіреді.

* Айта кеткен жөн, наурыздың 20-сына тағайындалған кезектен тыс Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының өту барысын бақылауға ТМД және Еуропаның бірқатар мемлекеттерінен де байқаушылар келеді деп күтілуде.

Б.АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз